Қазақ жұлдыздарының бала кезіндегі сирек жарияланған суреттері

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сәкен Майғазиев, Анара Батырхан, Төреғали Төреәлі Сәкен Майғазиев, Анара Батырхан, Төреғали Төреәлі

1 маусым - Балаларды қорғау күні. Tengrinews.kz тілшісі танымал қазақстандық жұлдыздардың бала кезіндегі суреттерін жинады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

1 маусым - Балаларды қорғау күні. Tengrinews.kz тілшісі танымал қазақстандық жұлдыздардың бала кезіндегі суреттерін жинады.

Қазақстанның алтын дауысы, әнші Мейрамбек Бесбаев 1976 жылы 8 қарашада Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. Мейрамбек - бала кезінен ел алдында келе жатқан санаулы таланттардың бірі.

Суреттер: instagram.com/m_besbaev

Қазақстанның эстрада әншісі, актриса Айгүл Иманбаева. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері. 1977 жылы 15 наурызда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылында дүниеге келген.

Суреттер: instagram.com/aigul_imanbayeva

Актер, әнші, композитор Нұрлан Әлімжанов - 1984 жылы 29 сәуірде Көкшетау облысы Бурабай ауданында дүниеге келген. "Елбасы жолы" фильміндегі Елбасының жас кезіндегі ролімен танымал.

Суреттер: instagram.com/nurlan_alimzhanov_official

Қабдол Тілеков - Меховая 8/1 тобының әншісі, жайдарманшы, әзілкеш. Мына бір кадр Қабдолдың 1-сыныптағы суреті.  

Суреттер: instagram.com/kabdol

Меховая 8/1 тобының тағы бір мүшесі - Нұрболат Қанай. Ол Қазақстанда жеке әнші, музыкант ретінде де танымал.  

Сурет: instagram.com/qanay.913

Анар Батырхан - Instagram-да әзіл-сықақ видеоларының арқасында танымалдыққа ие болған жас қазақстандық актриса. 1992 жылы 19 маусымда Талдықорғанда дүниеге келген. Қазір тележүргізушілікпен де айналысады. 

Суреттер: instagram.com/anarabatyrkhan

Актер, әзілкеш Мақсат Мамраимов 1986 жылы 8 қазанда дүниеге келген. Қазақстандық актер, сценарист, продюсер.

 Мына бір кадрлар көпшілікке "Шмән апа" образымен таныс Ерболат Төлегеннің бала кезі.  

Суреттер: instagram.com/erbolat_tolegen

Төреғали Төреәлі 1992 жылы Қызылорда облысындағы Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Ол халыққа әуелі айтыскерлігімен танылды. Кейінірек әншілікке бет бұрып, хитмен атанды. Төреғалидің "Іздеме", "Қазақ қызға үйленем", "Алло", "Бол жанымда" сынды танымал әндері бар.

Суреттер: instagram.com/toregalitoreali

Динара Сұлтан - қазақстандық шоу-бизнестің жарқын жұлдызы. Superstar KZ отандық жобасына қатысып, таныла бастаған. China town тобының солисі болады, "Жаңа толқын" және басқа да сәтті жобаларға қатысады. Ал мына бір сурет 1992-1993 жылдары түсірілген.

Сурет: instagram.com/dinara_sultan1

Сәкен Мағазиев - қазақстандық танымал әнші, МузАРТ ансамблінің солисі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері. Ол 1975 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген.

Суреттер: instagram.com/saken_maigaziyev

Танымал актер Еркебұлан Дайыров 1986 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасазда туған. "Бауыржан Момышұлы", "Анаға апарар жол", "Қазақ елі", "Жұлдыздар тоғысқанда", "Тараз", "Алтын орда" секілді бірқатар фильмде ойнаған. Қазір жаңа телехикаялардан жиі көрініп жүр.

Сурет: instagram.com/erkebulan_dairov

Мына суретте әнші әрі сазгер Дидар Кәден бала кезінде және оның ұлы. 

Баян Мақсатқызы - танымал продюсер, Shine Production компаниясының басшысы, тележүргізуші, актриса, әнші. Ол 1974 жылы 9 қаңтарда Оралда дүниеге келген. 2006 жылдан бері КешYOU тобының продюсері. Оның басшылығымен көптеген әншінің жұлдызы жанды. 

Суреттер: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.57  course up  522.2  course up  5.46  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer