Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Қазақстан құрамасының шабуылшысы әнші қызға үйлену туралы ұсыныс жасады

04 Маусым 2015, 10:41
0
Regina. © Instagram
Regina. © Instagram

"Тұлпар" мен Қазақстанның футзал бойынша құрамасының шабуылшысы Николай Пенгрин сүйіктісі, әнші Регина Муллахуноваға (Regina) үйлену туралы ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz "Новый вестник" басылымына сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, футболшы таяуда әншінің "Поговори со мной" әнінің клипіне түскен. Регина Николайдың оған ұсыныс жасағанын және үйлену туралы шешім қабылдағандарын мойындады.

"Шынайы өмірде ол мүлде бөлек адам. Ол кейде биязы, қамқор, салмақты. Бірақ кейде менен асып түседі. Мен бір ғана нәрсені айта аламын: бұл адамның қолынан мені тізгендеу келді. Біз Коля екеуміз бір айдай кездестік және ол маған үйлену туралы ұсыныс жасады", - деді ол.

Ал Николай Пенгрин көп сөзге жоқ болып шықты: "Барлығы жұмбақ, құпия күйінде қалсын. Жеке өмірімді жария еткім келмейді. Рас айтамын", - деді ол.

Айта кетейік, өткен маусымда Пенгрин 29 гол соғып, еліміздің чемпионатының үздік шабуылшысы атанды. Сонымен қатар, ол Қазақстан құрамасының тарихындағы ең нәтижелі ойыншы болып саналады. Ол "Тұлпардан" бөлек, алматылық "Қайрат" командасында да ойнаған болатын.

©  Instagram


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай