Қазақстандық әнші Иван Бреусов әке атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық әнші Иван Бреусов әке атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әншінің әйелі қыз босанды. Анасы мен нәрестенің жағдайы жақсы, олар ауруханадан шығып та үлгерді. Айта кетейік, Иван Бреусов 2014 жылдың маусым айында үйленген болатын. Ол Lila (бұрынғы "Бионик") тобының солисі Меруерт Асанованы алды, қыз кейін күйеуінің тегіне өтті. Найля мен Іңкәр есімді апалы-сіңлілердің Lila тобына Меруерт 2013 жылы келді.
Айта кетейік, Иван Бреусов ресейлік "Фабрика звезд-4" деп аталатын жобаға қатысып, тез арада танымал болды. Бір кездері оның "101" тобынан кетіп қалғаны жайлы қауесет тарады, бірақ әнші бұл мәліметті жоққа шығарды. Оның айтуынша, әнші топтағы жұмысы мен жеке орындаушылығын қатар алып жүр. Ал таяуда ұжымға Ербол Жайлауов қайтып келді. Иван Бреусов көп уақыт бойы Дильназ Ахмадиевамен кездесіп жүрді, бірақ бұл жұп 2008 жылы айырылысып кетті. Қазіргі уақытта әнші продюсерлік жұмыспен айналысып жүр, музыкалық және әлеуметтік түрлі жобаларға қатысады.