Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Белгілі әнші Иван Бреусов үйленді

18 Маусым 2014, 19:08
0
Иван Бреусов және Меруерт Асанова
Иван Бреусов және Меруерт Асанова

Қазақстандық белгілі әнші, "101" тобының мүшесі Иван Бреусов үйленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.. Оның таңдауы Lila герзл-бэндіндегі (бұрынғы "Бионик" тобы) Меруерт Асановаға түскен екен. 

Жас жұбайлардың үйлену тойы Алматы қаласында ең жақын туған-туыстарының, дос-жарандарының, әріптестерінің арасында өтті. Меруерттің негізгі мамандығы – саясаттанушы. Ол мектеп жасынан балға арналған билермен, шығыс және латын билерімен айналысқан. Бала кезінен музыканы жанындай жақсы көрген Меруерт 2013 жылы апалы-сіңлілі Нәйлә мен Іңкәрдің дуэтіне қосылады. Иван Бреусов пен Меруерт Асанова шығармашылық серіктестік кезінде танысқан.

Айта кету керек, Иван Бреусов Ресейдің атышулы  "Жұлдыздар фабрикасы-4" жобасына қатысқаннан кейін оның атағы бірден шықты. Бір кездері Иван "101" тобынан кетіп қалыпты деген сыбыстар да тараған болатын. Алайда әншінің өзі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. Яғни, Иван өзінің жеке шығармашылығы мен топтағы жұмысын бірге алып жүрген көрінеді. Иван Бреусов ұзақ уақыт белгілі әнші Дильназ Ахмадивамен көңіл жарастырып жүрген еді. 2008 жылы олардың жолдары екіге айырылды. Бүгінде музыкант продюсерлікпен айналысады, түрлі музыкалық және әлеуметтік жобаларға қатысады. Мәселен, Иван таяуда "Аялаған Астана" атты балалар жобасында қазылық етті.  

 Lila тобының әншілері Нәйлә, Іңкәр, Меруерт.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай