23 шілде 2020 09:05

Қазақстандық әнші Кентал төрт жыл бұрын түсірген видеосы үшін жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кентал лақапатымен танылған қазақстандық әнші Талғат Кенжеболатов құқық қорғау органдарындың формасын киігені үшін айыпты деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Кентал лақапатымен танылған қазақстандық әнші Талғат Кенжеболатов құқық қорғау органдарындың формасын киігені үшін айыпты деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кенталға 5 АЕК (13 890 теңге) көлеміндегі айыппұл салынған. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 675-бабы (Айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану) бойынша айыпты деп танылған. 

Сот отырысы бірнеше рет кейінге қалып, 22 шілдеде онлайн режимде өтті. 

Музыкант бұл үкімге шағым түсірмек ниетте. Оның видеовайны 2016 жылы түсірілген.

Роликте Кентал полицей формасын киіп, былай дейді: "Сәлем, достар! Кім күйзеліске түсіп жүрсе, өмірі қиын болса, жаны ауырып жүрсе, жұмыста не үйде қиналып жүрсе. Кімде кредит болса. Уайымдамаңыздар. Бәріміз түбінде өлеміз".

Кентал полицейлердің үстінен Бас прокуратураға және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне шағым түсірген. Сөйтсе оның үйіне қарулы арнайы жасақ кіріп келіп, ұстау хаттамасын көрсетпей, полицияға әкеткен. Ол құқық қорғау органдары қызметкерлерінен қысым көрдім дейді. 

Ал Алматы полициясындағылар Кенталдың әрекеті жұрттың уайымын күлкіге айналдырды деп есептейді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KENTAL (@kentalkz)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети