17 қыркүйек 2015 22:19

Қазақстандық әншілердің той "ставкаларына" доллардың шарықтауы қалай әсер етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж Коллаж

Қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің той бизнесінен қосымша табыс табатыны ешкімге жасырын емес. Ал еліміздегі валюта нарығында болып жатқан соңғы өзгерістер кәсіптің кез келген түріне әсер етпей қоймады. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі тойларға шығу арқылы табыс тауып жүрген отандық эстрада жұлдыздарын сөзге тартты.


Қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің той бизнесінен қосымша табыс табатыны ешкімге жасырын емес. Ал еліміздегі валюта нарығында болып жатқан соңғы өзгерістер кәсіптің кез келген түріне әсер етпей қоймады. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі тойларға шығу арқылы табыс тауып жүрген отандық эстрада жұлдыздарын сөзге тартты.

Саудаласуға келгенде доллармен келісуді әдет қылған халықтың қазіргі бағаммен әншілерді тойға шақырып, ән салдыруының оңайға түспейтіні анық. Сондықтан шоу-бизнес өкілдеріне олардың тойдағы "ставкалары" жаңа бағамға сәйкес өзгерді ме, деген сұрақ қойылды. Жауаптары мынадай:

Сейфуллин Жолбарыс, әнші:


© kaztube.kz

"Мен ешқашан қымбат сұраған емеспін, сол бағада тұрмын, тіпті "түсір" деп ешкім айтып жатқан жоқ. Әрдайым бағаға келісемін. Ал жалпы, қаласаң да, қаламасаң да доллардың қымбаттауы жеке басыңа ықпал етеді. Доллар қымбаттағаннан кейін нан қымбаттамайды деп кім айтты? Бензин де қымбаттады. Бірақ жылжымайтын мүлік сияқты ірі сауда жасап жатқан жоқпын, барлығының жағдайын жасап үлгердім. Алатын үйімізді алып, алатын көлігімізді алып қойған жайымыз бар. Сондықтан қазір тек шығармашылықпен айналысып жүрмін, проблема жоқ. Ал бейнебаяндарымды достарым түсіреді, ақша туралы әңгіме де қозғалмайды, сондықтан валюта нарығындағы соңғы жағдайлар жеке басыма әсер етті деп айта алмаймын".

Заттыбек Көпбосынұлы, әнші:


© kazmusic.kz

"Доллардың қымбаттауы эстрададағы әріптестеріме қалай әсер еткенін білмеймін, бірақ қарапайым халықтың бұған үйрене алмай жатқанына куә болып жүрміз. Тауарлардың қымбаттағаны рас, дегенмен көп ұзамай экономикамыз бір қалыпқа келеді деген ойдамын. Ал тойдағы "ставкаға" қатысты айтатын болсақ, кімнің қанша алатынын зерттеп көрмеппін, бірақ өз басым халықтың ыңғайына қарай жұмыс істеймін. Қазақи ұғым деген болады, сондықтан бар жағдайды ескеруге тырысамын. Халықтың жағдайы бірдей емес, сондықтан тойдағы "ставкаға да" жаңа бағамның әсер еткенін мойындау керек". 

Өмірқұл Айниязов, әнші:


© akjunis.kz

"Өз басым қазіргі таңда бұрын келіскен тойларға барып жүрмін. Жақында батыс жақтың тойына бардым, той иелері теңгемен де, доллармен де берді. Алдағы уақытқа алған тапсырыстарым да доллармен келісілді. Байқауымша, әріптестерім әлі де келісімді доллармен жасасады, баға да бұрынғыдай сияқты. Олардың айтуларына қарағанда, қазір халық теңгемен келісуді жөн санайды. Енді бір бөлігі бұрынғы бағам бойынша бағаны белгілеуді сұрайды. Әріптестерімнің айтуынша, болашақта келісім теңгемен жасалатынға ұқсайды, 1 миллион, 2 миллион деген сияқты, бірақ әрине, әзірше ол құлаққа қызық естіледі. Ал жеке басыма қатысты айтатын болсам, доллар қымбаттаған күні көлік сатып алдым. Бірақ оған бола өкінген жоқпын, себебі мен ақшаны үнемі доллармен сақтаймын".

Ақбота Керімбекова, әнші:


© vk.com

"Қазіргі жағдайда баға жағын келіспей, шақыртуды қабылдау мүмкін емес. Өз басымда тойға келгенде қатып қалған баға жоқ. Әрдайым жағдайды ескеріп, бағасын келісіп барып қана тапсырыс қабылдаймын. Бірақ бұрынғы бағаны ұстап тұрған жоқпын, аз да болса баға төмендеді. Жалпы, қолда көлемді қаражат болмағандықтан валюта нарығындағы өзгерістер қалтама салмақ салған жоқ".

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети