Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қазақстандық және ресейлік әртістер Батырхан Шүкеновтің қазасына байланысты көңіл айтты

29 Сәуір 2015, 10:02
0
©Айжан Түгелбаева
©Айжан Түгелбаева

Қазақстандық және ресейлік әртістер Батырхан Шүкеновтің қазасына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілердегі өз парақшаларында Кети Топурия, Алсу, Полина Гагарина, Мейрамбек Бесбаев, Дильназ Ахмадиева, Николай Басков, Филипп Киркоров және тағы да көптеген өнерпаздар көңіл айтты.

"Бауырым, Батыр. Тек қаза болғанда еске алатынымыз үшін бәрімізді кешір. Сен керемет ән жаздың ба? Түсімізге де кірмейтін ән орындадың ба? Шығармашылықпен тыныс алдың ба? Өзің жасаған туындыларыңнан адамдардың жүрегіне жетуін күттің бе? Өзіңнен кейінгілерге ШЕБЕР бола алдың ба? Әрине, бауырым! Әрине. Халқыңа бергің келгенін бере алмай кеткеніңе ашынамын. Саған айтылып отырған мұндай шынайы сөздер ағыны сенің қазір ғана емес, тірі кезіңде де лайықты болдың (...) Сені білгеніме сақтанамын, кездескенде құшақтағаныма, бала кезімде сенің даусыңды сіңіргеніме мақтанамын! Мен сенімен бір уақытта өмір сүргеніме мақтанамын - ұлы музыкант Батырхан Шүкенов", - деді Алексей Чумаков.

"Таңғы 8-дің өзінде соңғы үш айды бірге өткізген алаңда кездесуіміз керек еді. Осындай дарынды, қарапайым, ақкөңіл, сыпайы Адамның арамызда жоқ екеніне сенуге бола ма? Осындай қымбат және рухани жақын адамдардың кететініне әдеттенуге бола ма? (...)", - деп жазды Юлия Ковальчук.

"Екі жыл бұрын Астанада Батырxан концерт берді.Мынау сол зал...Батырxанды күтіп отырғанда түсірген суретім еді... Енді, қанша күтсек те ОЛ шықпайды. 2003 жыл. Суперстар... Сол кезден ол Лялечка деп еркелете атайтын. Батыр аға (өмір бақи жас көрінгеннен болар), Батырxан (құрдасындай) деуге ыңғайсызданып, Бәке дейтінмін... "А Студиодан" кеткелі біраз қиындық көрді; Отан Ана әні табылып, жазылып, xалықтың көңілінен шыққанша, ресейлік шоу-бизнес қайта қабылдауы үшін жасаған сан мыңдаған сәтсіз әрекеті, қазақ қызымен отбасын құрып, жараспауы, әкесі дүниеден озуы, анасының жүрегінің ақауын қатты уайымдады. Музыка мен ұлы Мансұр өмірінің мәні болды... Енді, әндерін естігенде көзімізге жас үйірілері сөзсіз (қазіргідей). Қазақтың Батыры, Бәкесі, Батырxаны - елім деп кеттің, сол елің сені ешқашан ұмытпайды. Ешқашан.Ешқашан. 18 мамырда 53 келер еді,мүмкін алдағы бір уақытта xалық әртісі деген атақ алар ма еді", - деді танымал тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы Желідегі парақшасында.

"Батырхан Шүкенов өмірден өтті. Бүкіл ел үшін орны толмас қаза. Иманды болсын. Сен әрқашан біздің жүрегімізде боласың", - деп жазды Әнуар Нұрпейісов.

"Бүгін керемет музыкант, менің жақын досым Батырхан Шүкенов қайтыс болды. Жүрегім ауырып айтып отырмын. Оның Мәскеуге жиі келіп отыратынын, бізге қонуға жиі келетінін еске аламын. Кеш қарайғанша әңгімелескенді жақсы көретінбіз. Батыр, сені әрқашан жақсы көргенімді білесің", - деді Вадеев.

 

"Мен бұған сене алмаймын, сенгім де келмейді. Бұл сурет үш күн бұрын Батырханның туған жерінде, Қазақстанда түсірілді. Онда оның туыстарының тойында өнер көрсеттік. Қайырымды, ерешек дарынды, жылы, адамдарды жақсы көретін, шығармашылық жоспары көп... Қаза қайырлы болсын", - деп жазды әнші Валерия.

"Тура бір апта бұрын Қызылордада бірге тойда болып едік... Батыр ағамыздың әншілік дарыны бір төбе, ал өмірдегі адами қасиеті қарапайымдылығы, үлкен мәдениеттілігі... т.б. қасиеттеріне үлкен құрмет, сүйіспеншілікпен риза болып, сол кездесуден үлкен әсермен қайтып едім... Мұндай жаны жайсаң, аяулы Батыр ағамды сонғы рет көрем деп кім ойлапты... Жаныңыз жәннаттан болғай... Қазақтын асылы, қазақтын Батыры....", - деді қазақстандық актер, жүргізуші Нұрлан Әлімжан.

Ал Кәмшат Жолдыбаева болса "Бұл суреттi алдағы уақытта ағамды мақтан тұтып жазамын деп, сақтап қойып жүргенмін... Ажал айтпай келедi! Жаныңыз жәннатта болсын!" деп жазды.

"Мен оны осы қалпында еске алатын боламын. (...) Барлық әндерін жатқа білемін", - деп жазды Instagram желісінде Айқын Төлепберген.

Осыған дейін әншінің 52 жасында Мәскеуде қайтыс болғаны хабарланды. Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Мансап жолын ол белгілі әнші Роза Рымбаеваның саксофоншысы ретінде бастаған. 1988 жылы өзі құрған А'Студио тобының фронтменті болады, ал бір жылдан кейін "Джулия" деп аталатын хит әні шығады. Танымалдылық бұл топқа Алла Пугачевамен бірге "Рождественские встречи" байқауына қатысқаннан кейін келеді. Батырхан Шүкенов А'Студио тобынан 2000 жылы кетіп, жеке өнер көрсете бастайды. 2015 жылы "Россия 1" телеарнасының "Один в один" шоуына қатысып жатқан болатын. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай