1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Шоу-бизнес

Қазақстандық вайнер Нагимуша Мәскеуге неге көшкенін айтты

© Instagram.com/nagimuwaa © Instagram.com/nagimuwaa

Қазақстандық танымал вайнер Нагимуша Мәскеуге көшіп кетті. Бұл туралы ол YouTube хостингіндегі каналында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вайнер видеода неліктен мұндай шешім қабылдағанын айтады.

"Осыдан 4-5 ай бұрын Қазақстанда жүргенімде Алматы, Қазақстан мен үшін ескі, қызық емес жер болды. Көбіне үйде отыра беретінмін. Барлығынан қалып бара жатқандай болдым. Әрі қарай дамығым келді, комедия жанрында жүріп, стендаптар түсіргім келді. Қазақстаннан көшіп кету керегін түсіндім. Онда менің жасым 25-те екені және мені вайнер деп атайтыны ызаландыратын", - дейді блогер.

Оның айтуынша, алдағы уақытта ол осы салада білімін арттырып, актерлік шеберлікті оқығысы келеді.

"Ата-анама барлығын түсіндіріп айттым. Қолымнан не келетінін білу үшін, түсіну үшін өзім өмір сүріп көргім келеді. Мәскеуге актерлік шеберлік курстарына түстім", - дейді Нагимуша.