14 желтоқсан 2016 | 11:47

"КешYou" тобының әншісі Ақбота Сейітмағанбет: Мен ешкімнің отбасын бұзбадым

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағанбет. © Brod.kz Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағанбет. © Brod.kz

"КешYou" тобының әншісі Ақбота Сейітмағанбет әлеуметтік желіде болашақ жарының өнерге мүлде қатысы жоқ екенін айтып, жұрттан оған қосуды доғаруды талап етті, деп хабарлайды Вaq.kz.


Иконка комментария блок соц сети

"КешYou" тобының әншісі Ақбота Сейітмағанбет әлеуметтік желіде болашақ жарының өнерге мүлде қатысы жоқ екенін айтып, жұрттан оған қосуды доғаруды талап етті, деп хабарлайды Вaq.kz.

"Қайырлы күн, достар! Сіздерге өзімнің жеке өмірім жайлы айтқым келіп отыр! Иә, Ержан мен Әли, Дәурен, мен... бәрімен қосып шықтыңыздар! Енді сіздерге айтарым: "Мен ешкімнің отбасын бұзбадым! Менің Дәурен Айдарқұловпен ешқандай қарым-қатынасым жоқ! Кинода да маxаббат, өмірде де маxаббат болып кетіпті дегендерге: Ол кісіге қосуды доғарыңыздар! Менің болашақ жарым мүлдем өнер адамы емес!!! Ал, Дәурен Айдарқұловқа келетін болсақ, ол өзінің отбасылық жағдайын өзі шешсін! Тек мені араластырмауларын сұраймын!", - деп жазды әнші.

Ақбота Сейітмағанбет ешкімнің отбасын бұзбағанын айта келе, Айдарқұловтың отбасынан өздерінің "лас тірлігіне" араластырмауын талап етті.

"Білемін, мені қанша қарғадыңыздар, жек көріп кеттіңіздер, ластадыңыздар, түрлі-түрлі жүрекке тиетін сөздер айттыңыздар... Мен бәрін түсінемін. Алла қаласа, келесі жылы той! Әркім өз отбасымен бақытты болсын! Өздерінің лас тірлігіне мені қоспасын! Егер де бақытты отбасы болса, осыншама айқай-шу шығарып, елді дүрліктірмес еді! Не дейін енді, бақытты болыңыздар!", - деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, осыған дейін актер Дәурен Айдарқұловтың әйелі "Ақбота Сейітмағанбет күйеуімді тартып алды" деп мәлімдеме жасаған болатын. Әнші Ақбота жақында прокатқа шыққан "Гламур для дур" атты комедияда басты рөлде ойнаған болатын. Осы картинаға 34 жастағы Айдарқұлов та түскен еді. Әртістер осы киноға түсу барысында танысқан екен. Сондай-ақ, жақында Ақбота Сейтмағамбеттің тұрмысқа шығуына байланысты "КешYou" тобынан кеткелі жатқаны белгілі болды. Бастапқыда қолданушылардың басым бөлігі Ақботаның сүйіп қосылайын деп отырған жары "Алау" тобының солисі Ержан Мұхатаев деп ойлаған еді.

Алайда Баян Әкімжанова, Дәурен Айдарқұловтың әйелі Instagram желісіндегі парақшасында жас әнші қыздың оның отбасына қастық жасағанын айтып, қоғамнан бұл жағдайға бей-жай қарамауын сұрады. Сонымен қатар, әртістің әйелі Желіге неке туралы куәлігін және олардың Дәуренмен, тіпті балаларымен бірге түскен суреттерін жүктеген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети