1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Шоу-бизнес

Көрермендердің аз болуына байланысты Наташа Королеваның Қазақстандағы концерттері өтпейтін болды

8 желтоқсанда Ақтөбеде ресейлік әнші Наташа Королеваның үлкен шығармашылық концерті өтуі керек болған, алайда концерт болмады, - деп хабарлайды "Диапазон".

Әншінің өнерін тамашалап, тыңдағысы келетіндердің аз болғаны соншалық, концерттен бас тартуға тура келген. 

Концерттің болмайтыны туралы ұйымдастырушылар бір күн қалғанда айтқан. Көрермендердің аз болуына байланысты 9 желтоқсанда Қарағандыда жоспарланған Короеваның концерті де ұйымдастырылмайды. 

10 000 мен 20 000 теңгелік билеттердің тек жартысы сатылған. Ақтөбеліктер бүгін билетке жұмсалған ақшаларын қайтарып алады.