01 қыркүйек 2022 10:03

"Кішкентай кезімде терме айттым". Zhuldyz LIVE жобасында - Kalifarniya

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жұлдыз" радиосындағы Zhuldyz LIVE жобасының кезекті шығарылымында Kalifarniya қонақта болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Жұлдыз" радиосындағы Zhuldyz LIVE жобасының кезекті шығарылымында Kalifarniya қонақта болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Kalifarniya лақап атымен танымал Фархат Қалиев 2000 жылы Ақтөбеде дүниеге келген.

"Кішкентай кезімде терме айттым. Кейін академиялық вокал, өсе келе эстрада вокалы болды. Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Еркін Нұржанов сынды ағаларымызды тыңдап, өсе келе Eminem, Jicole секілді рэп жағын тыңдап, соның бәрі миымның ішінде айналып кетті. Өзім өлең шығарған кезде Қайрат Нұртас пен Eminem, терме бәрі бір музыканың ішінде жүреді", - дейді Kalifarniya.

Әнші Olai әнінің тарихын айтып берді.

"Olai әнін Qar-дан кейін шығардық. Qar-ды дұрыстап тыңдасаңыз, қазақи ойлай аласың. Тыңдаған кезде таңғалып, ойлануға болады. Сөзін оқығанда, сарыны ыңғайлы, қазақтың иірімдеріне сай. Olai әнін "кішкене ағылшынша толқын болсын" деп, тәжірибе ретінде шығардық", - деді әнші.

Әнші биыл 27 мамырда Алматыда өткен концертінде "әйелім мен балам бар" деп пранк жасаған еді. Ол бұл әрекетке неге барғанын түсіндірді.

"Ол ұйымдастырылмаған дүние. Себебі концерттің басы сәтсіз болып жатты, халықтың назарын басқа жаққа аударатын бір нәрсе керек болды. Әртістер шықпай жатты. Сахнаның артына киім ауыстыруға кеткенде, төменге кетіп бара жатқанын түсіндім. Басындағы қатенің орнын жабу үшін халықтың назарын мүлде басқа жаққа аудару керек болды", - деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, өткен шығарылымда Zhuldyz LIVE жобасында Бақыт Шадаева қонақта болған еді. 

Еске салайық, сүйікті әншілеріңіз жанды дауыста айтып, сұрақтарға жауап беретін жоба әр сәрсенбіде сағат 18.00-ден 19.00-ге дейін өтеді. 

31 тамыздағы радиоконцертті TengriTV Youtube-арнасы мен zhuldyz.fm Instagram-парақшасынан көре аласыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети