Қыдырәлі Болманов карикатура авторымен кездеспейтін болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz иллюстрациясы © Tengrinews.kz иллюстрациясы

Қазақстандық белгілі әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов карикатура авторы Мұрат Ділмановпен кездесу туралы ойынан айныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Продюсердің заңгері Аманбол Әбеуовтің айтуынша, онымен кездесуден нәтиже шықпайды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық белгілі әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов карикатура авторы Мұрат Ділмановпен кездесу туралы ойынан айныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Продюсердің заңгері Аманбол Әбеуовтің айтуынша, онымен кездесуден нәтиже шықпайды.

Айта кетейік, Қыдырәлі Болманов осыған дейін карикатура авторымен кездесуді жоспарлаған болатын. Алайда Мұрат Ділманов проюсерден кешірім сұрамайтынын мәлімдеген еді.

"Егер ол (Ділманов - автор) Қыдырәліден кешірім сұрамайтын болса, онымен кездесудің не қажеті бар? Бастапқыда онымен кездесу жоспарланған болатын, бірақ кездесуден бір қорытынды болу керек қой (...). Бірақ ол адам карикатура үшін кешірім сұрамайтынын мәлімдеді. Бұл мәселе соттың шешімімен аяқталатын шығар", - деді Аманбол Әбеуов.

Ал карикатура авторы продюсерден кешірім сұрамайтынын тағы да айтып өтті.

Айта кетейік, осыған дейін Болманов Желіде тарап жүрген карикатураны бөліскендерді ой өрісі тар адамдар деп атаған еді. "Мен ешкімге нақты ештеңе айтқан жоқпын, келіп, нақты сұраса, жарты сағаттың ішінде түсіндіріп берер едім. Келген адам өз пікірін міндетті түрде өзгертер еді. Тереңірек ойлап көрсек, бұл блогерлер мен сыншылар ой өрісі тар адамдар", - деді белгілі әнші әрі продюсер.

Ал кейінірек продюсердің карикатура салған суретшіні сотқа беретіні хабарланған еді. Әртіс суретшіден қоғам алдында кешірім сұрауын талап еткен болатын. Сондай-ақ, Қыдырәлі Болманов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында суретшімен кездесуге дайын екенін және Ділмановпен келіссөз жүргізгісі келетінін мәлімдеген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 507  course up  572.27  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer