09 маусым 2022 08:20

Максим Галкин ресейлік БАҚ-қа арнап видеоүндеу жариялады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/maxgalkinru © instagram/maxgalkinru

Израильге кеткен әзілкеш әрі тележүргізуші Максим Галкин Instagram-да БАҚ өкілдеріне арнап видеоүндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Израильге кеткен әзілкеш әрі тележүргізуші Максим Галкин Instagram-да БАҚ өкілдеріне арнап видеоүндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кейбір БАҚ өкілдері концерттерімнен үзінді таратып, мені жаман көрсетуге тырысып жүр. Осыған дейін 28 жыл өнер көрсеткен, тұрған Ресейге жамандық жасаған емеспін.

Осы 28 жыл бойы саясаткерлерге, орыс халқын тонап жүрген айлакер, аянышты үгітшілер мен жемқор шенеуніктерге пародия жасап, келемеждедім. Ал сатирик ретінде бұған құқығым бар. Қазірде осылай жасаймын. Менің қазіргі спектакльдерім осы жылдар ішінде Ресейдің көптеген қалаларында болған спектакльдерден еш айырмашылығы жоқ. Мен қашан да халық жағында болдым.

Сондықтан, мен халықтың бейбітшілікте, байлықта өмір сүргенін қалаймын. Сондықтан, әзіл-қалжыңға толы сөзіммен және ісіммен сүйікті Ресейімнің дамуына кедергі жасап жатқандарды шамам келгенше мазақ етемін", - деді Галкин.

Галкиннің видеосын жұбайы Алла Пугачева Instagram желісінде жариялады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Максим Галкин (@maxgalkinru)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети