27 ақпан 2014 | 15:37

Мәнерлеп сырғанаушы гей ерекше киімдерімен Сочиді таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Вigpicture.ru ©Вigpicture.ru

Мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-тың үш дүркін чемпионы, гей-сәнқой Джонни Вейр өзінің киім үлгілерімен Сочи Олимпиадасы қатысушылары мен қонақтарын таңғалдырды деп хабарлайды Tengrinews.kz BIGpicture порталына сілтеме жасап. Джонни Вейр Олимпиада астанасына журналист ретінде келіп, мәнерлеп сырғанау жарыстары кезінде NBC телеарнасында комментаторлық қызмет атқарды. Ол Сочиге бар сәнді киімін алып келген. "Ол алып келген киім үлгілері мен аксессуарлардың саны кез келген ақсүйек бойжеткеннің қызғанышын туғызады", - деп жазады интернет-басылым. Көпшіліктің пікірінше, Джонни өзінің сыртқы келбетімен жуырда гомосексуализмді насихаттауға тыйым салу туралы заң қабылдаған ресейліктерді сынамақ болған. Бірақ ол бұған дейін Сочи Олимпиадасына бойкот жариялауға қарсы екенін білдірген еді. Оның айтуынша, бойкот ешқандай нәтиже бермейді, керісінше, бұдан Ойындардың дайындығына төрт жылын жұмсаған спортшыларға ауыр тиюі мүмкін. Джонни Вейр - спортшы ғана емес, шоумен де. NBC арнасындағы жұмысымен бірге ол сериалдарға түсіп, реалити-думандарға қатысып тұрады. Ол өзін "русофил" санайды, орыс мәнерлеп сырғанау өнеріне ерекше тәнті, орыс тілін де біледі. Тіпті оның некелескен адамы да - Америкада тұратын ұлты орыс заңгер Виктор Воронов. Виктор да, Джонни де Вейр-Воронов деген фамилияға ие. Сочидегі сұхбаттарында ол Олимпиада кезінде дискриминация немесе басқа да мәселелерге кезікпегенін айтты, керісінше, жалпыға ортақ тату көзқарасты көріп, таңғалған. Дегенмен, оның сөзіне қарағанда, өзімен бір дәретханада кездескен ерлер бірден сыртқа ұмтылып, дәретхананы шатастырып алмағанына көз жеткізбек болған. Бірақ мұндайға Джоннидің еті үйреніп кеткен. Ал Сочиде Джоннидің не себепті жүк көліктері мен Volvo автобусы фонында ғана суретке түскені беймәлім. Фото ©Bigpicture.ru

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети