Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Шоу-бизнес

Меруерт Түсіпбаева жауапсыз махаббаты жайлы айтты 23 мамыр 2022, 10:58

Әнші Меруерт Түсіпбаева Instagram желісіндегі парақшасында махаббат тақырыбын қозғап, 23 жылдан бері бір жанға ғашық екенін, бірақ сезімі жауапсыз
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

@meruert_tusupbaeva парақшасынан алынған сурет @meruert_tusupbaeva парақшасынан алынған сурет

Әнші Меруерт Түсіпбаева Instagram желісіндегі парақшасында махаббат тақырыбын қозғап, 23 жылдан бері бір жанға ғашық екенін, бірақ сезімі жауапсыз болғанын айтып оқырмандарына жан сырын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Достар! Мені сағындыңыздар ма? Көп болды көрінбей кеттім. Бармын! Сол, өмірдің ақ-қара жолақтарын басып сіздер сияқты өмір сүріп жатырмын. Кейде жылап, кейде күліп мен де күйбең тірлік кешудемін. Бар шындық сол. Естай бабамды Мұхтар Шаханов жырлағандай: "51 жыл ғашық болдым Қорланға… 51 жыл өмір сүрдім ендеше" демекші. Менің жауапсыз махаббатым 23 жыл жалғасып келеді. Барлық әндерім сол адамға арналған. Өмір сонысымен қызық! Берілмеңіздер!! Махаббат үшін күресіңіздер. Бұл Алла жаратқан ең керемет сезім. Жауапсыз болса да шын сүю бақыты барлық адамға берілмеген… Адам сүйгенде ғана өмір сүреді", - деді әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Меруерт Түсіпбаева (@meruert_tusupbaeva)

Сондай-ақ, ол жазба соңына өлең жолдарын жариялап, көпті толғандырды. 

"Серт берем. Серт берем, жаным, саған,
Жалындаған жүрегің жылатпауға,
Арманыңның асқарын құлатпауға.
Жауап болып сендегі сұрақтарға,
Бақыт құс боп бағыңда тұрақтауға.

Серт берем сүйіп тұрып:
Бар мен жоқты сендегі бөлісуге,
Ынтызар боп күн сайын көрісуге.
Қараңғы түн. Шөл дала. Сен үшін бе?
Бәріне де болады келісуге!

Серт берік. Сенім - серік,
Қызғаныштан сонда да күйіп жатып,
Жүрегіңнің соғысын қиындатып.
Уақыт өтпей қойғанда құйындатып,
Сүйгеніңді күту - бір биік бақыт", - деді әнші. 

Желі қолданушылары әншінің жазбасына пікірлерін білдіріп, бақыт тіледі.

"Ешқашан қартаймайтын Меруерт Түсіпбаева"

"Бүкіл қазақтың жігіттері ғашық еді ғой сізге... Ағаларым алғаш бейнебаяныңыз шыққанда телевизорды сіз үшін көретін. Бақытты болыңыз!", "Сіздей қайсар қыздан сескенеді-ау шамасы, ер-азаматтар", "Жан дүниеңіз сезімге бай, романтикаға толы адамсыз. Жақсы көрем!", "Жаным, жақсы бір ер-азамат саған өлердей ғашық болсыншы, бақытты бол", "Отбасыңызға бақыт, береке сыйласын, Алланың берері таусылмасын, әрдайым амандықта болыңыз", "Сондай сезімтал, нәзік және әділетті жансыз. Сізді сыйлаймын, жақсы көрем! Сүйгеніңіздің сүйіктісі болыңыз!

Айта кетейік, Меруерт Түсіпбаева 1971 жылы 6 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1995 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "музыкалық театр актері" мамандығы бойынша Қазақстанның Халық артисі, профессор Тілектес Мейрамовтың класын бітірген. 1996 жылдан жеке шығармашылықта. Алғашқы некесінен Нұрғиса есімді ұл тәрбиелеп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram