1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Шоу-бизнес

Мұрат Мұтырғанов үйленді

Мұрат пен Алесяның тойы Фото Айжан Тугельбаева© Мұрат пен Алесяның тойы Фото Айжан Тугельбаева©

Белгілі цирк әртісі, шоумен, тележүргізуші Мұрат Мұтырғанов үйленді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оның таңдауы Алеся Тимошенкоға түсті.

Үйлену тойы Алматыда туған-туыс, әріптестер мен жақын достардың ортасында өтті. Салтанатты шараға келгендері сайқымазақтар қарсы алса, оркестр танымал композицияларды орындап тұрды. Тойдың өту сценариі цирк қойылымдарына ұқсас болды. Той дәстүрлі беташардан басталса, ерлі-зайыптылар сәлден кейін махаббатқа адалдық ретінде ант берді, бір біріне сақина кигізді.

Еске саламыз, 30 жастағы Мұрат Мұтырғанов қалындығымен 2014 жылы ақпанда ортақ достары арқылы танысқан. Келін бала жарнама агенттігінде жұмыс істейтіндіктен дәл қазіргі уақытта Мұрат жұмыс істеп жүрген жануарлар саябағын жарнамалаумен айналысқан. "Қалындықты ұзақ уақыт іздедім. Мен ең алдымен өзіме дос, балаларымның анасы болуға лайық адамды іздедім. Маған керегі ондай адам менің балаларымды, цирк пен мені қатар сүйсе болғаны", - деді Мұрат Мұтырғанов.