02 маусым 2022 10:46

"Наконец-то". Қайрат Нұртас әйелімен түскен суретін жариялап, оқырмандарын қуантты

Фото: instagram.com/kair_n Фото: instagram.com/kair_n

Әнші Қайрат Нұртас әйелі Жұлдыз Абдукаримовамен түскен суретін жариялап, оқырмандарын қуантып қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әнші Қайрат Нұртас әйелі Жұлдыз Абдукаримовамен түскен суретін жариялап, оқырмандарын қуантып қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайрат Нұртас суретін Instagram-парақшасында бөліскен. 

"Қайырлы түн тілейміз!", - деп жазды әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nurtas Kairat (@kair_n)

Оқырмандар әншінің жарымен түскен суретін көптен бері күтіп жүрген болуы керек. 

"Осы суретті күттім, күттім, күттім-ай", "Қуанып қалдым ғой, бақытты болыңыздар, жұптарыңыз жазылмасын", "Наконец-то деппін ғой, көре салып", "Тек бақыт бақыт тілейміз! Жұптарыңыз ешқашан ажырамасын", - деп жазды әншінің оқырмандары. 

Еске салайық, Желіде Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукаримова ажырасып кетті деген қауесеттер тараған болатын. Ал кейінгі сұхбаттардың бірінде Нұртас Айдарбеков Қайрат пен Жұлдыз бірге екенін айтқан еді.

"Екеуі бүгінде бірге, бірақ отбасы болғасын ыдыс сылдырламай тұрмайды. Құдайға шүкір, төрт немере бар. Жұлдызды әрқашан жоғары қоямын. Құдай маған қыз бермеді, үлкен қызымдай болып келді. Өз тарапымнан ешкімнен кем қылған жоқпын. Өздерінің арасындағы кішкене бір кикілжіңге кіріскім келмейді. Екеуі 33-34 жасқа келіп қалды. Бұл жағын өздері шешеді. Ең бастысы, екеуі бірге", - деді Нұртас Айдарбеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети