31 наурыз 2018 10:41

"Новая волна" байқауында сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасаған әнші Жүгінісовтің тұңғышы дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рүстем Жүгінісов © Instagram/zhugunussov Рүстем Жүгінісов © Instagram/zhugunussov

Қазақстандық әнші Рүстем Жүгінісовтің тұңғыш баласы дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық әнші Рүстем Жүгінісовтің тұңғыш баласы дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші сүйінші хабарын Instagram парақшасы арқылы жариялады. Айтуынша, тұңғыш перзентіне Айдай есімі берілген.

"Сүйінші!!! Әке атандыыыым! Аллаға шүкір! Рүстемқызы Айдай. Әжесінің туған күні - 28 наурыз, нағашы әжесінікі - 29 наурыз, ал Айдакөніміз ешкімді ренжітпей 30.03.18 дүниеге келді", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Рүстем Жүгінісов 2017 жылы 14 қыркүйекте Сочи қаласында өткен "Новая волна" байқауының жабылу салтанатында сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасаған. Әнші ол байқауда "көрермен көзайымы" сыйлығына ие болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети