04 тамыз 2022 13:48

"Продюсерім 6 айға дейін алғысы келмеді". Zhuldyz LIVE жобасында - Серік Ибрагимов пен BigSher

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жұлдыз" радиосындағы Zhuldyz LIVE жобасының кезекті шығарылымында Серік Ибрагимов пен BigSher қонақта болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Жұлдыз" радиосындағы Zhuldyz LIVE жобасының кезекті шығарылымында Серік Ибрагимов пен BigSher қонақта болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Zhuldyz LIVE жобасында қазақстандық танымал өнер жұлдыздары әр апта сайын жанды дауыста ән айтып, сұхбат береді. Бұл жолы Серік Ибрагимов пен BigSher бір сағат бойы жанды дауыста ән шырқап, сұхбат берді.

Серік Ибрагимов кейбір әндердің әнін де, сөзін де өзі жазғанын айтты.

"Өзім жазатын әндер бар. "Кел маған" әнінің сөзін жазған жоқпын, бірақ әні өзімдікі. "Көшеде көрген қыз" деген ән болған. Қазір айтылмай кетті. 10 жыл бұрынғы ән. Соның әнін де, сөзін де өзім жаздым", - деді Серік Ибрагимов.
 

Ол Алтынбек Рахметов қалай продюсері болғанын әңгімелеп берді.

"6 айға дейін алғысы келмеді. Көріп, бақылап, "не істесем?" болады деп ойланып жүрді. Себебі оның алдында Еркін Мәулен деген шәкірті болды. Сондықтан ойлану процесі жүрді", - деді әнші Серік Ибрагимов.

Сондай-ақ, ол қазір продюсер ретінде жұмыс істеп жүргенін айтты. Серік Ибрагимов бағдарламаға BigSher атты рэп орындаушымен бірге келген.

"Продюсер деген атым болмаса, ағалық жағым басым. Бір ауылдың тумасымыз, руымыз бір, бір жағынан туысқанбыз. Кішкентайдан бірге өстік. Әкесінен тәлім алдым. Аталарының бәрі жыршы, қобызшы. Екінші жағынан, спорт шебері. Інілік жағынан басым, менікі ағалық жағынан көмектесу. Продюсер-әнші ретінде келісімшарт жоқ", - деп түсіндірді ол.

BigSher неге спорттан кеткенін айтты.

"10 жылдан аса спортпен айналыстым. Олимпиадалық дайындау мектебінде оқыдым. Спорт академиясын да бітірдім. Сол кезде қабырғамнан үлкен жарақат алып, қайта шығып, қайта жарақат алдым. Болмады", - деді рэп орындаушысы.

Айта кетейік, өткен шығарылымда Zhuldyz LIVE жобасында "Заман" тобы қонақта болған еді. 

Еске салайық, сүйікті әншілеріңіз жанды дауыста айтып, сұрақтарға жауап беретін жоба әр сәрсенбіде сағат 18.00-ден 19.00-ге дейін өтеді. 

3 тамыздағы радиоконцертті TengriTV Youtube-арнасы мен zhuldyz.fm парақшасынан көре аласыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети