01 ақпан 2015 12:31

"Сарын" тобы құрамын өзгертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сарын" тобының бұрынғы құрамы. ©vk.com/saryntoby "Сарын" тобының бұрынғы құрамы. ©vk.com/saryntoby

Қазақстан шоу-бизнесіндегі жас ұжымдардың бірі - "Сарын" тобының құрамы өзгерді, бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі Baistars.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 


Қазақстан шоу-бизнесіндегі жас ұжымдардың бірі - "Сарын" тобының құрамы өзгерді, бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі Baistars.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Дуэттің продюсері, Rin'Go тобының мүшесі, әнші Данияр Өтеген бұл ақпаратты растады. Оның айтуынша, топтағы жігіт Айтбек тәртібіне байланысты ұжымнан шығарылған. Ал Алтынай Төлембетова топта қалады. "Иә, топ құрамы өзгерді. Дисциплиналық жəне тағы да басқа жағдайларға байланысты Айтбекті "Сарын" тобының құрамындағы жұмысынан босатуға тура келді. Топтың жаңа мүшесі - Берік Бердекеев атты жігіт. Алда Берік топтың шығармашылығына өз үлесін қосып, жаңа дем беріп, менің "Сарын" тобына байланысты үміттерімді ақтайды деген сенімдемін. Ал топтың бұрынғы мүшесiне сәттiлiк тiлеймiн!" - деді Данияр Өтеген.

"Сарын" тобы 2013 жылдың жазында құрылды. Өнер ұжымындағы Алтынайдың әуезді, нәзік үні бар, ал Айтбек Салық толғаныс пен сезімге толы дауыстың иесі болатын. Екі жылға жетпейтін уақыт аралығында дуэт екі бейнебаян мен 15-ке жуық автор әнін жарыққа шығарды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети