11 мамыр 2022 09:34

"Шеттен шықтыңыздар!" Әнші Мөлдір Әуелбекова желідегі оқырманын сотқа берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: moldir.auyelbekova/Instagram Фото: moldir.auyelbekova/Instagram

Әнші Мөлдір Әуелбекова желідегі оқырманын сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әнші Мөлдір Әуелбекова желідегі оқырманын сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Мөлдір Әуелбекова Instagram-парақшасында мәлімдеді. Оқырман әншінің жазбасына жеке басты қорлайтын сөздер жазып, пікір қалдырған. Әуелбекова сол оқырманның жеке парақшасын белгілеп, оны ресми түрде сотқа бергенін мәлімдеді.

"Сізді ресми түрде сотқа бергенім жайлы хабарлаймын! Әр сөзіңіз үшін жауап бересіз! Парақшаңызды өшіріп атын ауыстырып немесе маған шығып кешірім сұраудың қажеті жоқ. Бұл жолы соңына дейін апарамын. Шеттен шықтыңыздар! Шыдамның да шегі бар!" - деп жазды Мөлдір Әуелбекова.

Бұл ретте оқырман жеке парақшасын өшіріп тастағаны белгілі болды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Moldir Auyelbekova (@moldir.auyelbekova)

Желі қолданушылары да әншіні қолдап, түрлі пікір жазып жатыр.

"Масқара, не деген көргенсіз, тексіз ба өзі қалай?!", "Іріген ауыздан шіріген сөз шығады. Дұрыс сөзіне жауап берсін", "Дұрыс, соттау керек", "Қазақтар "қойш" деп, кешіре салады. Осылай сот арқылы шешкен дұрыс! Сол кезде халық мәдениеттілікке үйренетін шығар", - деп жазған әншінің оқырмандары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети