18 мамыр 2022 10:38

"Сәл ойланып сөйлейік!" Мөлдір Әуелбекова сот процесін тоқтатты ма?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: instagram.com/moldir.auyelbekova Сурет: instagram.com/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова сотқа берген желідегі оқырманын кешірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мөлдір Әуелбекова Instagram-парақшасында жазды.


Әнші Мөлдір Әуелбекова сотқа берген желідегі оқырманын кешірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мөлдір Әуелбекова Instagram-парақшасында жазды.

Ол өнер адамы болған соң өзіне айтылатын түрлі сөзге "қойшы, қойшы" деп, "қойшыға" салып келе жатқанына 18 жыл болғанын айтты. Ол жағымсыз жазылған былай тұрсын, тым ауыр сөздер айтылатын жағдайлар болатынын да жазды.

"Бұл жолы басқаша болсын деп шештім. Себебі пікір білдіруші Рита ханым менің жеке басымнан бөлек көпшілікке топырақ шашып отыр. Есесіне, мен сотқа беріп, адвокатқа жүгінгенімді білесіздер. Процесс басталып кеткен. Енді, жауабы ол әйел үшін тым ауыр болатынын естіп, көп ойландым. Күнәсін білеміз, ал тәубесін білуші Алла ғана ғой. Кешірім сұрады...

Мүмкін, шынымен, тәубесіне келген шығар?!? Тілге тиек деген бар. Ауыздан сөз шығармас бұрын ойланған абзал. Қыз өсіріп отырсыз! Дәл сол өсіріп отырған қызыңызға немесе немереңізге менікіндей тағдыр жазылмасына кепілдігіңіз жоқ! Адамның емес Алланың жазасы ауыр болады! Сәл ойланып сөйлейік!" - деді әнші.

Мөлдір Әуелбекова "Жаратушымыз мұсылмандарға бір-біріне үш күннен артық ренжіспеуді бұйырды" дей келе, қазақтың "жақсы адамның ашуы - шәйі орамал кепкенше" деген сөзін еске салып, ашуы қайтқанын айтты. 

"Рита ханымды мен кештім! Сіз кешіңіз! Алла кешсін!" - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова желідегі оқырманын сотқа бергені белгілі болған еді. Оқырман әншінің жазбасына жеке басты қорлайтын сөздер жазып, пікір қалдырған. Әуелбекова сол оқырманның жеке парақшасын белгілеп, оны ресми түрде сотқа бергенін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети