Танымал әнші, ақын Төреғали Төреәлі қасіретті қаңтар оқиғалары кезінде белгісіз біреулер әкесі Төреәлі Әлихановтың көлігін өртеп кеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Танымал әнші, ақын Төреғали Төреәлі қасіретті қаңтар оқиғалары кезінде белгісіз біреулер әкесі Төреәлі Әлихановтың көлігін өртеп кеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әнші тәртіпсіздіктер кезінде Әзербайжанда болғанын.
"Қаңтардағы қақтығыс кезінде әкемнің көлігі әуежайда қалып қойған еді. Аласапыран болып жатқанда біз Әзербайжан елінде жүргенбіз. Көлігі өртеніп кетсе де, көңілі елді ойлап алаң болған еді. Сонда, "дүние жүрегіне кірмеген екен ғой" деп қуанғаным рас", - деп жазды әнші Instagram-да.
Десе де, күні кеше Төреәлі Әлихановқа қызы мен күйеу баласы су жаңа көлік сыйлапты.
Сурет: instagram.com/farizatoreali
"Кеше ғана Қосбатыр атаны алып (қайын атасы) кіші қажылыққа барып келіңдер деп "Умраға" жолдама сыйлаған ғой әкем. Көп ұзамай Дархан (күйеу баласы) осындай керемет көлік сыйлап жатыр.
"Атаңа не қылсаң алдыңа сол келеді". Сүйеу болар осындай күйеу балалар баршамызға жұғысты болсын ағайын!" - деді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, жаңа көліктің моделі Lexus 570 Black Vision. Фариза Төреәлі оны "ең соңғы модель" деді. Кolesa.kz сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, бағасы 65 миллион теңгеден басталады.
Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.
Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады
Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.
Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді
5 қаңтарда Үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.
6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Дәл осы күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 12 қаңтарда 100 миллиард теңгеден асты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр, әлі белгісіз.
11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Үкімет мүшелерін тағайындады.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта 3024 қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Арнаулы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктер мен террорлық актілер бойынша 177 істі қарап жатыр. Прокуратура органдарының мәліметі бойынша, 779 адам қамауда отыр. Олардың арасында ұйымдасқан қылмыстық топтардың 24 мүшесі бар. 113 адам кісі өлтіру, ұрлық, тонаушылық және қарақшылық әрекеттері үшін бұрын сотталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!