26 ақпан 2018 12:19

"Түнгі студия" бағдарламасын кімнің жүргізетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Түнгі студия" бағдарламасын кімнің жүргізетіні белгілі болды. Енді Нұрлан Қоянбаевтың орнына бұл бағдарламаны Қайрат Әділгерей жүргізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Qazaqstan телекорпорациясының төрағасы Ерлан Қарин көктемгі маусымның таныстырылымында айтты.

Айта кетейік, Қайрат Әділгерей "Базар жоқ алаңы" мен "Әзіл әлемі" жобаларына қатысқан. Сондай-ақ, ол "Сенбілік шоу" бағдарламасында жүргізуші болып, Нұрлан Қоянбаев, Айдос Сарым мен Жандарбек Булгаковпен жұмыс істеген болатын.

Еске сала кетейік, осыған дейін Нұрлан Қоянбаевтың "Түнгі студия" бағдарламасынан кеткені хабарланған болатын.

"Біз 1 наурызда ашылатын жаңа маусымға белсенді түрде дайындалып жатырмыз. Бірнеше бағдарлама жаңартылған форматта шығатын болады. Оның ішінде "Түнгі студия" бағдарламасы бар, онда енді басқа жүргізуші болады. Нұрлан Қоянбаев өзінің шығармашылық жобаларымен айналысуды шешті. Бұл мәселені 2017 жылдың жазында - Нұрлан Қоянбаевтың телевидение саласынан біраз уақытқа кеткісі келгенде талқылаған болатынбыз. Сонда біз Нұрланның осы жобаны жылдың соңына дейін жүргізетінін шешкен едік. Оған осы үшін алғыс айтқым келеді. Енді "Түнгі студия" жаңа форматта шығатын болады", - деген еді Ерлан Қарин.

Кейінірек Қоянбаев бағдарламадан неге кеткенін айтқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети