01 наурыз 2017 17:41

Ляйсира Алагөзова күйеуімен татуласқысы келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ляйсира Алагөзова Тұрсынғали Алагөзовпен ажырасу туралы арызын қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық Бостандық аудандық сотының өкілдері хабарлады.


Ляйсира Алагөзова Тұрсынғали Алагөзовпен ажырасу туралы арызын қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық Бостандық аудандық сотының өкілдері хабарлады.

Соттағылардың айтуынша, бірінші болып ажырасу туралы арызды 1 ақпанда Тұрсынғали Алагөзовтің әйелі Ляйсира Алагөзова берген. "7 ақпанда азаматтық істің материалдарын сотқа дайындау туралы шешім қабылданған. Осыдан кейін тараптар 14 ақпанда сотқа шақыртылған. Кейін 17 ақпанда соттың кеңсесі арқылы шағымданушыдан, яғни Алагөзовадан шағым-талапты қараусыз қалдыру бойынша өтініш келіп түсті. 23 ақпанда судья істі қараусыз қалдыру туралы шешім шығарды. Осылайша өнідіріс тоқтатылды", - деп хабарлады соттағылар.


Құжаттың скриншоты

Еске салайық, осыған дейін Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзов бірігіп берген алғашқы сұхбатында таныстыққа тіс дәрігерінің қандай қатысы бар екенін, 10 маусымдағы атышулы оқиғаны қалай бастан өткергенін және алға қандай жоспар қойып отырғанын айтып берген еді. Осы сұхбатында Алагөзов ажырасу үстінде екенін мәлімдеген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети