"Хочу к Меладзе" шоуы жеңімпаздарының клипі жарыққа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Хочу к Меладзе" шоуы жеңімпаздарының клипі жарыққа шықты M-band тобы

"Хочу к Меладзе" шоуында жеңіске жеткен M-band тобы "Она вернется" әніне дебюттік клип түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Хочу к Меладзе" шоуында жеңіске жеткен M-band тобы "Она вернется" әніне дебюттік клип түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, дауыс беру нәтижесінде қазақстандық Анатолий Цой, украиналық Артем Пиндюра, ресейлік Владислав Рамм мен Никита Киосседен құралған Сергей Лазаревтің тобы жеңіске жетті. Клип Украинада түсірілді, режиссеры - ресейлік атақты клипмейкер Сергей Солодкий. "Она вернется" туындысын Константин Меладзе арнайы жазған, жігіттер оны 2014 жылдың 22 қарашасында телеарна эфирінен көрсетілген гранд-финалда орындады.   

Жаңадан құрылған бойз-бэндтың жұмыс кестесі минутпен есептеледі, олар студияда ән жазады, тәулік бойы жаттығады, сонымен қатар ТМД елдерінде өтетін концерттерге дайындалады. "Хочу к Меладзе" шоуының жеңімпаздары Минскіде өнер көрсетті, енді жақын арада Алматы қаласында концерт өткізуді жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, Анатолий Цойға "Хочу к Меладзе" шоуының бірінші эфирінен-ақ қазылар алқасы да, Константин Меладзе де лидер деп баға берді. Топтарды бөлген кезде ол Анна Седокованың тобына түсті, кейін екеуі жақсы достық қарым қатынаста болып, бас продюсердің шешімімен Цой Лазаревтің тобына өткенде Седокова наразы болып, көз жасын жасырмады. Ақтық сыннан кейін Седокова өзінің Instagram-дағы аккаунтында қазақстандық көрермендерге қазақ және орыс тілдерінде алғыс айтып, үлгі болғандарын, өз қатысушыларына қалай қолдау көрсету керектігін атап өтті. Айта кетейік, қазақстандықтардың 79 пайызы құрамында алматылық Анатолий Цой бар Лазаревтің тобына дауыс берген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети