17 қыркүйек 2021 10:34

Әли Ахмедов Пантераны үшінші раундта нокаутпен жеңді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/ali_akhmedov_officialpage Фото:instagram.com/ali_akhmedov_officialpage

Қазақстандық екінші орта салмақтағы боксшы Әли Ахмедов Пантера лақап атымен танымал Давид Сегарраны жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz. сайтына сілтеме жасап.


Қазақстандық екінші орта салмақтағы боксшы Әли Ахмедов Пантера лақап атымен танымал Давид Сегарраны жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz. сайтына сілтеме жасап.

Жекпе-жек 16 қыркүйекте Монтебелло қаласында (Калифорния, АҚШ) Hollywood Fight Nights бокс кеші аясында өтті. Ол сегіз раундқа есептелген. Ахмедов басым болып техникалық нокаутпен жеңді. Үшінші раундтан кейін Сегарра жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Қазақстандық үшін бұл жеңіс кәсіпқойлар арасындағы 17-ші жеңіс, оның 13-ші ерте аяқталды.

Ахмедов соңғы рет 2020 жылдың желтоқсанында эквадорлық Карлос Гонгорамен жекпе-жек өткізіп, IBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағына таласқан болатын. Сегаррамен жекпе-жек 1 тамызда өтуі керек еді, бірақ  латынамерикалық боксшының коронавирусқа қарсы тапсырған тесті оң нәтиже беріп, бокс кеші кейінге қалдырылған болатын. 

Еске салайық, Ахмедовке IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің GGG Promotions промоутерлік компаниясы қолдау көрсетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети