Ангелина Лукас Гиннестің рекордтар кітабына енеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Ангелина Лукас жақын арада оның есімі Гиннестің рекордтар кітабына ресми түрде енгізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Ангелина Лукас жақын арада оның есімі Гиннестің рекордтар кітабына ресми түрде енгізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін тараздық спортшы қыз өз мақсаты – әлемдік рекордты жаңартып, Гиннестің кітабына ену екенін айтқан болатын. Енді бұл арманы орындалуға жақын.

"Биыл рекорд орнаттым, енді жақында ресми түрде тіркеледі. Бұл мен үшін үлкен мотивация болды. Соңғы кезде менің әлемдік рейтингім өспей қалған соң, өзіме бірнеше жекпе-жекті қатар өткіземін деген мақсат қойдым. Командам бұған қарсы болды. Барлығы бұл өте қиын, денең қалпына келмей қалады деп айтты. Бірақ мен дайын болдым. Себебі мен үнемі жақсы формадамын. Мысалы, түн ортасында оятып, "ертең жекпе-жек" десе де, мен шығамын. Бұл – мен үшін ғана емес, командам мен отбасым үшін де маңызды", – дейді Ангелина.

Ол кейбір спортшылардың жарты жыл бойы дайындалмай, тек бір жекпе-жекке ғана күш салатынын, ал өзі керісінше – қарқынын арттыра түскен сайын жақсы нәтиже көрсететінін айтты.

"Мен үшін тоқтамау маңызды. Дегенмен денсаулықты да бақылауда ұстаймыз. Биыл қанша жекпе-жек өткізетінімді нақты білмеймін, бірақ әзірге өзімді өте жақсы формада ұстап, дайындықты жалғастырып жүрмін", – деді Лукас.

Айта кетейік, Ангелина Лукас қатысқан соңғы жекпе-жек жанжалмен аяқталған. Ол 21 ақпанда Түркияның Стамбул қаласында өткен RMO Boxing турнирінде өтті.

Бұл кездесуде Лукас IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап, Боливиядан келген қарсыласы Йисения Токоны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Алайда, жекпе-жек барысында Лукас бірнеше мәрте ереже бұзған: қарсыласын тістегені және желкеден ұрғаны байқалған. Соған қарамастан, төрешілер бұл ереже бұзушылықтарды ескермей, жеңісті Лукасқа берді.

Сонымен қатар, қос раундта да Лукас рефери ескертулеріне бағынбай, тек физикалық араласудан кейін ғана тоқтаған. Ал жекпе-жектен кейін қарсыласы сыпайылық танытып, қол созғанда, Лукас оны итеріп жіберіп, құрметсіздік көрсеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.57  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer