01 желтоқсан 2022 10:33

Канело Мессиден кешірім сұрады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Мессиден кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Танымал мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Мессиден кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кейінгі кезде еліме деген сезімім мен сүйіспеншілігім мені елең еткізді, соның кесірінен орынсыз пікір айттым, сол үшін Месси мен Аргентина халқынан кешірім сұраймын. Күн сайын жаңа нәрсе үйренеміз ғой. Міне, енді менің кезегім келді", - деп жазды Альварес Twitter-де.

Еске салайық, бұған дейін Желіде Мессидің Мексиканы жеңгеннен кейін қарсылас команда ойыншысының футболкасымен жерді сүртіп жатқан видеосы пайда болған еді.

БАҚ өкідері футболшы киім ауыстыратын бөлмеде қуаныштан аяқ астындағы заттарды көрмей қалған да болуы мүмкін деп болжады. Бірақ Канело мұны байқап, Мессиге сес көрсеткен еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети