28 қыркүйек 2022 09:55

Месси "Барселонаға" оралу үшін шарт қойды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аргентина мен "ПСЖ" құрамасының шабуылшысы Лионель Месси келесі жазда Барселонаға оралуға дайын, бірақ тек бір шартпен. Бұл туралы La Porteria журналисі Марк Марба айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Чемпионат" басылымына сілтеме жасап.

Журналистің айтуынша, 35 жастағы аргентиналық егер қорғаушы Жерар Пике бұдан былай оның сапында ойнамайтын болса, испандық клубқа ауысуға дайын.

Месси мен Пикенің қарым-қатынасы соңғы жылдары қатты нашарлаған. Испандық БАҚ олар өткен маусымында бір-бірімен мүлдем сөйлеспегенін жарыса жазған болатын.

Айта кетейік, Месси осы маусымда ПСЖ сапында 11 ойында алты гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. Жазда оның француздық клубпен келісімшарты аяқталады. Маусымның соңында ПСЖ-дан кетуге ниетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети