09 қараша 2022 09:09

Путинцева Билли Джин Кинг кубогінде Қазақстанға бірінші жеңісті сыйлады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның екінші нөмірлі теннисшісі Юлия Путинцева Билли Джин Кинг кубогінде біздің құрамаға бірінші жеңісті сыйлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.


Қазақстанның екінші нөмірлі теннисшісі Юлия Путинцева Билли Джин Кинг кубогінде біздің құрамаға бірінші жеңісті сыйлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Бірінші ойында Путинцева Ұлыбритания елінің өкілі Кэти Бултермен кездесті. Әлемнің 51 және 124 теннисшілері арасындағы ойында отандасымыз 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Ойын екі сағат сегіз минут болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы С тобында алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұдан кейін Глазго қаласында өтіп жатқан ойында Қазақстан мен Ұлыбританияның бірінші нөмірлі теннисшілері Елена Рыбакина мен Харриет Дарт кездеседі.

Бұл топта аталған екі құрамадан бөлек Испания да бар. Испанияға қарсы Қазақстан құрамасы ертең кездесу өткізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети