5 күн бойы адасқан қызылордалық сексеуіл тұқымын азық еткен

24 Қыркүйек 2014, 15:46
0
5 күн бойы адасқан қызылордалық сексеуіл тұқымын азық еткен - СТВ телеарнасының кадры.
СТВ телеарнасының кадры.

5 күн бойы адасқан қызылордалық сексеуіл тұқымын азық еткен - "Өлім алдында" жазба қалдырған. СТВ телеарнасының кадры.
"Өлім алдында" жазба қалдырған. СТВ телеарнасының кадры.
5 күн бойы адасқан қызылордалық сексеуіл тұқымын азық еткен - Адасқан жігіт отбасымен аман-есен қауышты. СТВ телеарнасының кадры.
Адасқан жігіт отбасымен аман-есен қауышты. СТВ телеарнасының кадры.
5 күн бойы адасқан қызылордалық сексеуіл тұқымын азық еткен - СТВ телеарнасының кадры.
СТВ телеарнасының кадры.

Қызылорда облысында далалықта бес күн бойы адасып кеткен ер адам аштан өлмеу үшін шөппен және сексеуіл тұқымымен қоректенген, - деп хабарлайды СТВ телеарнасы. Полиция жергілікті обаға қарсы мекеменің жұмысшысын адасып жүрген жерінен құтқарды. 

Ол Қармақшы ауданындағы Қуандария ауылынан қызметтік автокөлігімен Қосқұдық станциясына шыққан. Бірақ діттеген жеріне жетпейді. Үш тәуліктен соң полицияға бір ер адамның адасып кеткені туралы хабар келіп түсті. "Адамның жоғалып кеткені туралы ақпаратты алғаннан кейін шұғыл түрде жеті іздеу тобы құрылды. Іздестіру-құтқару жұмыстарына "Қазәуеқұтқару" акционерлік қоғамының Ми-8 тікұшағы жұмылдырылды. Із-түссіз жоғалған адамның жүрген бағыты мұқият тексерілді. Іздеу жұмыстарының екінші күні ер адам аман-есен табылды. Қазіргі уақытта ол отбасымен бірге", - деді Қызылорда облыстық ІІД криминалдық полиция басқармасының бөлім жетекшісі Жалғас Жүсіпов.

Ер адамның айтуына қарағанда, ол далалықта аман құтқарылатынына үміттенбеген де. Жанармайы мен телефонының қуаты таусылған. Бес күн ішінде ол шөп пен сексеуіл тұқымын жеген. Адасып жүріп, шопандар қазған құдықты тауып алыпты. Үстіндегі киімін қауға орнына пайдаланып, құдықтан су алып ішкен. Күшін жоғалтып, күдерін үзе бастаған кезде, соңғы жазба қалдырып та үлгерген. Машинасының сыртына "Папа, мама! Сіздермен қоштасқым келмейді!" деп жазыпты. Енді адасқан жігіт отбасымен аман-есен қауышып отыр.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай