01 сәуір 2022 08:46

Ағылшын тілінде сөйлеген Алматы облысының әкімі Қазнетте қызу талқыға түсті

© instagram/kris_p_tdk © instagram/kris_p_tdk

Ағылшын тілінде сөйлеген Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Қазнетте қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ағылшын тілінде сөйлеген Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Қазнетте қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бозымбаев Еңбекшіқазақ ауданындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша демонстрациялық платформаның ашылуында ағылшын тілінде сөйлеген. Орталықтың ашылуына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілдері келген.

Алматы облысы әкімінің ағылшын тілінде сөйлеуіне шетел мамандары мен Қазнет тәнті болған. kris_p_tdk Instagram-парақшасында қолданушылар әкімнің шет тілде таза сөйлегенін атап өткен. 

Сонымен қатар, қолданушылардың бірі әкім дайын мәтінді оқып тұрғанын айтса, енді бірі әкімге мақтау сөздерін айтқан. 

"Жарайсыз", "Қазақша қайда?", "Дайын мәтін ғой", - деп жазды қолданушылар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Алматинской области. (@kris_p_tdk)

Айта кетейік, Қанат Бозымбаев 2021 жылдың қарашасында Алматы облысының әкімі болып тағайындалған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети