13 қазан 2020 17:02

Ақмола облысында "билеп тұрған көпір" Желіде қызу талқыға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Ақмола облысы Шортанды аулындағы "билеп тұрған көпірдің" видеосы қызу талқыға түсті. "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ оқиғаның мән-жайын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Ақмола облысы Шортанды аулындағы "билеп тұрған көпірдің" видеосы қызу талқыға түсті. "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ оқиғаның мән-жайын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодан КамАЗ жолдан өтіп кеткеннен кейін жол екіге бөлініп, ашық жер пайда болғанын аңғаруға болады.  

"ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметі бұл республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан - Щучинск көлік жол айырығы екенін айтты. 

"Ақмола облысы, Шортанды аулындағы 75 шақырымдағы тасжолды пайдалану кезінде эстакададағы металл тақтайшалар арасындағы кеңістік түрінде ақау пайда болды. ҚазАвтоЖол" әкімдік өкілдерімен және Ақмола облысы Шортанды ауданының ТЖД-мен, сондай-ақ "ҚазДорнИИ" АҚ-мен бірлесіп жол өтпесінде комиссиялық тексеру жүргізді", - деді ведомство өкілдері. 

Комиссия жол өтпесі бойындағы барлық көлік түрінің қозғалысын уақытша шектеу туралы шешім қабылдады. Жолды Мықтыкөл және Дамса ауылдары арқылы айналып өтуге болады. Мекеме өкілдері уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети