18 тамыз 2018 14:51

Ақтау тұрғыны люля-кебабтан құрттарды көріп, видеоға түсіріп алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау тұрғыны қаладағы кафелердің бірінде берілген люля-кебаб тағамын видеоға түсірді. Тартылған етте ақ құрттар жүр. Әйел қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне арыз жазды, деп хабарлады Лада.kz.


Ақтау тұрғыны қаладағы кафелердің бірінде берілген люля-кебаб тағамын видеоға түсірді. Тартылған етте ақ құрттар жүр. Әйел қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне арыз жазды, деп хабарлады Лада.kz.

Әйел жолдасымен және баласымен бірге кафеге барған. Оның айтуынша, ол люля-кебабқа тапсырыс берген, бірақ кішкене бөлігін тістегеннен кейін тартылған етте ақ құрттардың жүргенін көріпті.

"Біз әкімшіні шақырттық. Ол келді, бірақ ол тағамды қызметкерлерінің әкеліп беруі мүмкін емес екенін айтып, мойындамады. Тапсырысты қайта беруді ұсынды. Мекеменің иесі де, әкімші де кешірім сұраған жоқ. Есепті төлеген жоқпыз. Сараптама жасату үшін тамақтың қалғанын салып алып, СЭС-ке апардым, бірақ, ол жердегілер етті қабылдамай, видеоның жеткілікті екенін айтты. Тексеріп, қорытындысын электронды нұсқада поштама жібереді", - деді Айдана. 

Сол күні ол облыстық ауруханаға барып, асқазанын тазартқан. Оның айтуынша, дәмхананың басшылығы оның жұмысына барып, кешірім сұрапты.

"Мекеменің иесі мен әкімші менің көлігімнің номері мен жұмыс орнымда қалай біліп алған, түсіне алар емеспін. Әкімші кешірім сұрады. Кафенің иесі сұраған жоқ", - деді Айдана.

Порталдың хабарлауынша, мекемедегілер әзірше бұған қатысты пікір білдірмеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети