Ақтауда алабайды айфонға айырбастағысы келген жігіттің хабарландыруы қызу талқыға түсті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© vk.com © vk.com

Әлеуметтік желіде пайда болған хабарландыру Қазнетте қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде пайда болған хабарландыру Қазнетте қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі Куплю-Продам в Актау.kz қауымдастығында Нұрсұлтан Яхияев есімді қолданушы өзінің "досын" сатылымға шығарды. Алабайдың суретіне ол мынадай жазба қалдырды: "алабай сатам или обмен жасайм айфон 5ке админ пжл" (орфография мен пунктуация сақталған). Автор итін 45 мың теңгеге бағалады. 

Бұл хабарлама кеңінен тарап, қолданушылар тарапынан наразылық білдірілді. Қолданушылардың кейбірі бұл саудаға дүниеқоңыздық деген баға берсе, енді бірі мына заманда барлығының сатылатынын айтты. "IPhone үшін әлі балаларын беретін болады", - деп жазды олар. Алайда бұл саудаға түсіністік білдіргендер де табылды. "Алабайды кім алады, ол бір айда бір айфонның құнына тең тамақ жейді", - деп жазды қолданушылардың бірі.

Алайда Tengrinews.kz тілшісіне иттің иесі оны Бейнеу ауылынан екі апта бұрын алып келгенін айтты. Итті күшік кезінен ағасы бағыпты. Саудаға салуының себебін ол жануарларды бағудың ұнамағанымен түсіндірді. "Ол адамдарға тез үйреніп кетеді", - дейді Нұрсұлтан Яхияев.

Айта кетейік, жануарларға қатысты дау соңғы айда бірінші рет болып тұрған жоқ. Бұған дейін Ақтауда балалардың иттерді қорлап жатқан сәті бейнеленген видео жарияланды. Видео авторының айтуынша, ол 15 жасқа дейінгі балалардың жануарларды қорлағанының куәгері болыпты. Оның сөзіне қарағанда, бұдан кейін жақын маңдағы дәмханалардың бірінің аспазы шығып, қоянды қоқысқа лақтырған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro