19 қазан 2015 10:52

Ақтауда балалардың жануарларды қорлап жатқан сәті бейнеленген видео жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Lada.kz © Lada.kz

Ақтауда балалардың иттерді қорлап жатқан сәті бейнеленген видео жария болды, - деп хабарлайды Lada.kz.


Ақтауда балалардың иттерді қорлап жатқан сәті бейнеленген видео жария болды, - деп хабарлайды Lada.kz.

Видео авторының айтуынша, ол 15 жасқа дейінгі балалардың жануарларды қорлағанының куәгері болыпты. "Мен осы маңда тұрамын. Балконға шығып қалсам, балалар қоянды жіпке байлап, төбет итке жемтік етіп бергісі келгенін, бірақ иттің оған тиіспегенін көрдім. Бұдан кейін балалар бейшара жануарды қоршауға іліп қойып, ағашпен сабай бастады", - деп айтып берді Ақтау тұрғыны. 

Оның айтуынша, бұдан кейін жақын маңдағы кафелердің бірінің аспазы шығып, қоянды түсіріп, қоқысқа лақтырған. 

Видео авторы бұл оқиғаға қоғамның назарын аударғысы келеді екен. "Бұл балалық қатыгездік. Мысық пен иттерді қорлайтын балаларды қорлайтын балаларға қарсы шығамыз", - дейді тұрғын. Сонымен қатар, оның айтуынша, ол анасымен бірге жануарларға көмек көрсету қорымен бірлесіп, жануарларды емдеп, тамақ беріп, жуындырып, адамдарға таратады екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети