17 сәуір 2017 11:43

Ақтаулықтарды қамқорлығымен таңғалдырған такси жүргізушісі жұмысы жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жолаушыларға деген қамқорлығымен Интернет қолданушыларын таңдандырған ақтаулық такси жүргізушісі журналистерге жұмысы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Lada.kz.


Жолаушыларға деген қамқорлығымен Интернет қолданушыларын таңдандырған ақтаулық такси жүргізушісі журналистерге жұмысы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Lada.kz.

Басылымның мәліметінше, жүргізушінің есімі - Батырғали Күшпенов, ол Астраханда дүниеге келген, Ақтауға қала Шевченко деп аталған кезде 1979 жылы келген. Ол негізі жедел жәрдем қызметінің жүргізушісі болып жұмыс істейді екен.

"Қазір үш тәулікте бір жедел жәрдемде жүргізуші болып жұмыс істеймін. Бос уақытымда такси жүргізушісі болып жұмыс істеймін. Мен қайда жұмыс істесем де, әрдайым осылайша қосымша ақша табуға тырысамын. Ал жолаушыларға қамқорлық көрсету туралы идея 1,5 жыл бұрын келген еді. Клиенттерімнің өздерін жайлы сезінгенін қалаған едім", - дейді жүргізуші.

Батырғали Күшпеновтің айтуынша, ол жолаушыларға не ұсынуға болатыны жайлы ұзақ ойланған.

"Түнде ұйықтамай, жолаушыларға не ұсынуға болар екен деп түрлі заттарды қиялдадым. Бастапқыда жай майлықтар беремін деп ойладым. Кішкентай балалар отырғанда оларға беттеріне немесе қолдарын сүрту керек болып қалады ғой. Ал кейіннен түрлі кәмпиттерді қосып беру туралы ой келді", - деді такси жүргізушісі.

Осылайша, қамқор жүргізуші кәмпиттер мен сүрткіштерден басқа, аяқкиім щеткасы мен түрлі сусындар ұсынады екен. Ал қысқы уақытта ол жолаушыларға ыстық кофе береді.

Сондай-ақ, Батырғали Күшпенов жолдың бағасын неліктен қымбаттатпайтынын айтып берді. Такси жүргізушісінің айтуынша, ол енді жолаушыларға ұсынатын тәттілердің түрін көбейтпекші.

"Әрине, адамдардың күліп, риза болып отырғанын көргің келеді. Бұл жұмысымнан кету туралы ойымда жоқ. Жолаушылар көлікке отырғанда таңғалып жатады. Барлығы мұны ақылы деп ойлайды. Менің басты мақсатым - жолаушыларға жайлы жағдай жасау. Кейбіреулер тіпті нөмірімді сұрап, хабарласып жатыр. Осылайша, бірнеше тұрақты клиент пайда болды", - дейді Батырғали Күшпенов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети