18 желтоқсан 2014 00:49

Әлемдегі ең кәрі пингвин қатерлі ісіктен емделіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото planeta.moy.su сайтынан Фото planeta.moy.su сайтынан

АҚШ-та әлемдегі ең кәрі пингвин тері қатерлі ісігінен емделіп жатыр, - деп хабарлайды National Geographic Russia. Колорадо штатының Пуэбло хайуанаттар бағындағы Тесс есімді құстан қауіпті дерт анықталды. 


АҚШ-та әлемдегі ең кәрі пингвин тері қатерлі ісігінен емделіп жатыр, - деп хабарлайды National Geographic Russia. Колорадо штатының Пуэбло хайуанаттар бағындағы Тесс есімді құстан қауіпті дерт анықталды. 

Бірнеше ай бұрын зообақ қызметкерлері 40 жастағы пингвиннің тұмсығы мен көзінің арасындағы терісінің зақымданғанын байқаған. Ветеринарлар хирургиялық операция жасап, алынған ұлпаларды талдауға жіберді. Оның нәтижесінде құстың тері қатерлі ісігіне шалдыққаны белгілі болды. Дәрігерлер ауру белгісінің көзге көрінетін жерден анықталғанына тәубе деп отыр, соның арқасында құсты дер кезінде емдеп жазуға мүмкіндік туды. 

Тессті емдеуге елдің үздік мамандары жұмылды. Желтоқсан айының басында құсқа жиырма минуттық сәуле терапиясы жүргізілді. Оның нәтижесі бірнеше аптадан соң белгілі болады. 

Пуэбло зообағында Тесспен бірге Монго есімді 33 жастағы пингвин де бар. 

Үлкен көзді пингвиндер негізі Африканың оңтүстік жағалауын мекендейді. Олардың 20 жылдан артық өмір сүретіндері сирек. Пингвиннің бұл тұқымы жойылып бара жатқан жануар ретінде Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети