30 қыркүйек 2020 | 09:05

Алимент төлемеген алматылық пәтерінен айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Алматыда Абай даңғылындағы үй иесі алимент төлеуден жалтарғаны үшін пәтерінен айырылды. Бұл туралы Әділет департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Абай даңғылындағы үй иесі алимент төлеуден жалтарғаны үшін пәтерінен айырылды. Бұл туралы Әділет департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәмелетке толмаған баланы асырау үшін еңбекақы мен басқа да кірістердің барлық түрінің төрттен бір бөлігі мөлшерінде ай сайынғы алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжатты Қарағанды ​​қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық соты шығарды.

Баланың әкесінің жалпы қарызы 2 323 066 теңге болған кезде мүлік сатылды.

"Сатып алу-сату шартына сәйкес, тыйым салынған жылжымайтын мүлік 20 484 149 теңгеге сатылды. Төлем тапсырмасы бойынша алимент қарызы 2 323 066 теңге өндіріп алушыға аударылды", - дейді департамент өкілдері.

Еске салайық, 22 қыркүйекте алимент төлемеген астаналық та Toyota Land Cruiser Prado маркалы көлігінен айырылған болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети