22 қыркүйек 2020 16:11

Алимент төлемеген астаналық қымбат көлігінен айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтанда алимент төлемеген тұрғыннан Toyota Land Cruiser Prado көлігі тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасының баспасөз орталығына сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда алимент төлемеген тұрғыннан Toyota Land Cruiser Prado көлігі тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасының баспасөз орталығына сілтеме жасап.

Көлікті тәркілеу кезінде куәгерлер, полиция қызметкерлері әрі жеке сот орындаушысы болған. Ер адам 2019 жылдан бері баласына алимент төлемепті. Салдарынан борышкердің қарызы 7 миллион 450 мың теңгеге жеткен.

"Борышкер полиция қызметкерлерінің алдына шыққан жоқ. Көлік тәркіленгенге дейін А. есімді тұрғын сот орындаушысына жұмыс орнынан анықтама ұсынып, ол жерден 40 000 теңге жалақы алатынын көрсеткен. Біз "40 000 теңге табыс таба отырып, 2020 жылы шығарылған Toyota Land Cruiser Prado көлігін қалай мінуге болады?" деп ойландық. Алайда ол баласына алимент төлемеген. Көліктің нарықтағы бағасы 28 миллион теңгеден асады", - дейді жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасының төрағасының орынбасары Мадина Жанасаева.

Көлік тәркіленген соң мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылыпты. Жанасаеваның айтуынша, енді Toyota Land Cruiser Prado аукционға шығарылады.

"Осылайша, борышкер баласының алдындағы қарызын төлей алады. Ол алимент төлеуге жауапты екенін айтқым келеді. Осындай жағдай болмайык үшін қарыз бен алиментті уақытында төлеңіздер", - дейді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети