1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Алматы аймағындағы тауларда қар барыстары фотоқақпанға түсіп қалды24 маусым 2016, 17:17

© Қазақ Географиялық Қоғамы © Қазақ Географиялық Қоғамы

Қазақ Географиялық Қоғамының "Қар барысын құтқарып қалайық" атты жобасында түсірілген жаңа фотосуреттері жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қоғамның фейсбук желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Алматы аймағында болған жауын кезінде қала мен ауыл тұрғындары ғана емес, сонымен бірге биік таулардағы қар барыстары да жаңбыр астында қалып жатты. Су болған барыс фотоқақпандардың жанынан өтіп кетіп, қатты өкпелі болып тұрғандай көрінді", - делінген әлеуметтік желідегі хабарда.

Осыдан кейін қар барыстарының фотоқақпанға түсірілген суреттері жарияланған.


© Қазақ Географиялық Қоғамы