05 қараша 2020 13:36

Алматы облысында қар барысы видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы облысындағы "Алтын-Емел" ұлттық саябағында қар барысы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысындағы "Алтын-Емел" ұлттық саябағында қар барысы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Telegram каналында жарияланды.

Айта кетейік, бұл жолы видеотұзақ шатқал шұңқырының, яғни барыс апанының дәл қасына орнатылды. Видеодан барыстың қалай демалып, пырылдағанын және айналаны торуылдап жүргенін көруге болады.

"Қыркүйектегі барыс пен осы жолғы барыстың жүрген орындары бір-бірінен алыс екенін ескерсек, бұлар екі бөлек дарақ болуы мүмкін. Болжамды нақтылау үшін ілбістердің терісіндегі дақтар жіті салыстырылады.

Сирек жануарлардың фото, видео түсірілімдері БҰҰ Даму бағдарламасы орнатқан фототұзақтар көмегімен алынуда", - деп жазады министрліктегілер.

Министрлік мәліметінше, қызыл кітапқа енген аңның саны азайып келеді. Бүгінде Қазақстанда 120-130, әлем бойынша 7 мыңдай ғана бас барыс өмір сүреді екен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети