28 қаңтар 2021 16:01

Алматы тұрғыны лайға батқан үкіні қалай құтқарғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/almatizmy Фото:instagram.com/almatizmy

Алматылық тұрғын лайға батып қалған үкіні қалай құтқарғанын айтып берді. Құсты емдегенен кейін босатып жіберген. Тұрғынның жантебірентер оқиғасы Almatizmy парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылық тұрғын лайға батып қалған үкіні қалай құтқарғанын айтып берді. Құсты емдегенен кейін босатып жіберген. Тұрғынның жантебірентер оқиғасы Almatizmy парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы тұрғыны үкіні балшықтан шығарып алғаны туралы Almatizmy қала күнделігі парақшасына жариялаған. Бастапқыда оқырмандар құсты бүркіт деп ойлаған.

"Біз оны балшықтан тауып алдық. Шұңқырға түсіп кетіпті. Суықта тоңып қалғанға ұқсайды. Мүмкін тышқан аулауға немесе су ішуге түскен шығар. Үстіндегі балшықты жуып, жылы жерде үш күн кептірдік. Шикі тауық етімен тамақтанды. Әл жинап ұшуға шамасы келгенде босатып жібердік", - деді Алматы тұрғыны.

Құтқарушының айтуынша, кейінен құсты әл-Фараби даңғылынан жоғары Назарбаев даңғылында байқаған. Аlmatizmy парақшасы құстың суреттерін жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Городской дневник (@almatizmy)

Экология министрлігі фотосуреттегі құс жапалақ тұқымдасына жататын үкі екенін хабарлады.

"Кәдімгі сирек ұя салатын құстардың бір түрі. Ол жазықта, тауда, орманды өзен аңғарларында, орман белдеулерінде, тоғайлар мен бақтарда мекен етеді. Ауа райының салқындауына байланысты солтүстік аудандардан Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне, соның ішінде Алматы мен оның маңайына ұшып келеді. Олар құстар тастап кеткен немесе қарғалардан қалған ескі ұяларды, шұңқырларды мекендейді", - деді Экология министрлігі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети