1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Алматыда рөлде отырып шылым шеккен және телефонмен сөйлескен автобус жүргізушісі жұмыстан қуылады 15 мамыр 2017, 18:02

Алматыда 16-шы бағыттағы автобус жүргізушісі рөлде отырып, темекі шеккені және телефонмен сөйлескені үшін жұмыстан қуылады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Green
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Алматыда 16-шы бағыттағы автобус жүргізушісі рөлде отырып, темекі шеккені және телефонмен сөйлескені үшін жұмыстан қуылады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Green Bus" ЖШС-ның директоры Бауыржан Кұлышев хабарлады. Жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушінің суретін оқырмандар жолдады. 

Фото авторының айтуынша, жүргізуші аялдамада 20-30 минут кідіріп тұрған, одан кейін өзге автобустармен жарыса жөнелген. "Қалқаман" жақтан 16-шы автобусқа міндік. Алдымен әрбір аялдамада 15-20 минуттан тұрды. Барлық жолаушы наразылығын білдірді. Сосын "Сайран" маңында өзге автобуспен жарыса жөнелді. Жолаушылардың ескертуін құлағына ілген жоқ", - дейді оқырман. 

Өз кезегінде Құлышев жүргізушінің жұмыстан шығарылатынын мәлімдеді. "Ертең шеттетеміз. Сәрсенбі тәртіптік кеңес кезінде жұмыстан шығарамыз", - деді ол.



Join Telegram