01 желтоқсан 2015 15:45

Алматыда төрт жасар бала метрода түсірілген үздік селфи байқауында жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Метродағы үздік селфи" байқауының қатысушысы. © metroalmaty.kz "Метродағы үздік селфи" байқауының қатысушысы. © metroalmaty.kz

Алматыда метро жолаушыларының арасында ең үздік селфи-фото байқауының қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда метро жолаушыларының арасында ең үздік селфи-фото байқауының қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерекше байқау 2 қарашада басталып, 30-қарашаға дейін жалғасты. Осы уақыттың ішінде метрополитенге 40-тан аса сурет келіп түскен. Ең үздік сурет дауыс беру арқылы таңдалды.

"Метродағы үздік селфи" байқауының қатысушысы.

"Біз метродағы үздік селфи байқауын көпшілік суретке осылайша түсуді ұнататындықтан ұйымдастырдық. Бірақ бізде өзге де мақсат болды - біздің метрополитен көрікті орын болып есептеледі. Біздің бекеттер өте әдемі, сондықтан адамдар суретке де түсе алады. Жолаушылар бұл байқауға шығармашылық тұрғыда қызығушылықтарын танытты. Тек селфи-кадрлар болып қоймай, қойылымдық суреттер де ұсынылды. Бұл байқауға түрлі жас ерекшелігіндегі адамдардың қатысқаны бізді қатты таңғалдырды - жастар ғана емес", - деді Алматы "Метрополитен" кәсіпорны басшысының көмекшісі Ажар Хабиева. 

"Метродағы үздік селфи" байқауының қатысушылары.

1 желтоқсанда "Алмалы" бекетінде Қазақстан Тұңғыш Президентінің күні мен метроның ашылу күні атап өтіліп, байқау жеңімпазы марапатталды. Жеңімпаз - Ерәлі Құлмырза. Оның суреті ең көп дауыс жинады.

 

"Метродағы үздік селфи" байқауының жеңімпазы - Ерәлі Құлмырза.

"Біздің жеңімпаздың жасы төртте, біздің метрополитенге де. Байқаудағы жеңісі үшін Ерәліге планшет сыйладық", - деді ол. Байқауға қатысқан өзге суреттерді мына жерде көруге болады.

 

"Метродағы үздік селфи" байқауының қатысушысы.

ҚР Тұңғыш Президенті күнін және метроның ашылған күнін атап өту барысында "Метрополитен" басшысы Айдын Оразханов осыдан тура төрт жыл бұрын Қазақстан Президентінің еліміздегі жалғыз метроны ашқанын айтты. Ол кезде Мемлекет басшысы ол оқиғаның маңыздылығын атап өтті. Оразхановтың айтуынша, қазіргі таңда орта есеппен бір тәулікте 40 мыңға жуық адам метроны қолданады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети