Алматылық суретші "Алаш" партиясының негізін қалаушылар Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және Міржақып Дулатовтың портретін үш қарындашпен бір мезгілде салып шықты, - деп хабарлайды TengriMIX.
Алматылық суретші "Алаш" партиясының негізін қалаушылар Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және Міржақып Дулатовтың портретін үш қарындашпен бір мезгілде салып шықты, - деп хабарлайды TengriMIX.
27 жастағы Әсел Сабыржанқызы төрт жасынан бастап сурет салумен айналысып, кәсіби суретші болу үшін ұзақ жолдан өткен. Бойжеткен Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы өнер мектебінде, колледжде, кейін университетте білім алып, биыл Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының магистратурасын тәмамдаған.
"Жалпы, 15 жылдай сурет салудың барлық қырын оқыдым. Қазір педагогикалық бағыттағы магистратура болғандықтан, тіпті жоғары оқу орындарында кескіндемеден сабақ бере аламын. Бір-екі жылдан кейін солай жасайтын шығармын", - дейді суретші.
Суретші қыз кенепке майлы бояумен негізінен гиперреалист портреттерді салады, бір жұмыс 1-2 айлық тынымсыз еңбекті талап етеді. Бірақ Әсел сурет пен эскиз идеясын немесе тұжырымдамасын бірнеше жыл бойы ой елегінен өткізіп, жоспарлауы да мүмкін.
"Алаш" партиясының негізін қалаушылардың портретін салу идеясы баяғыда-ақ келгенімен, суретші оны жүзеге асыру жолын білмеген.
"Мен оларды бөлек-бөлек емес, бір уақытта сурет салғым келді", - дейді Сабыржанқызы.
Сурет салу барысында бойжеткен әрбір қимылын бақылап қана қоймай, сонымен қатар үш қарындаштың дұрыс орналасуын және кескіннің түсу бұрышы мен қозғалысын қадағалап отырады. Әсел қарындаштарды таспамен сызғышқа бекітіп, құрал жасап алған.
@raid.wifi тик ток не бань#fur #fup #on #rek #рекомендации ♬ оригинальный звук - whslili
Саяси қайраткерлердің портретін бір мезетте үш қарындашпен салу процесі Әселдің TikTok-парақшасында миллион қаралым және Instagram желісінде 48 мың қаралым жинаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!