09 желтоқсан 2021 | 09:47

Қазақстандық суретші "МузАрт" тобы мүшелерінің портретін бір уақытта салды

Шалқар Ақановтың туындысы Шалқар Ақановтың туындысы

Қазақстандық суретші Шалқар Ақанов "МузАрт" тобы мүшелерінің портретін бір уақытта салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық суретші Шалқар Ақанов "МузАрт" тобы мүшелерінің портретін бір уақытта салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Суретшінің өнеріне әнші Сәкен Майғазиев тәнті болған. Әншінің сөзінше, суретші бұл туындысын жеті сағат бойы салған. 

"МузАРТ" тобының да 30 жылдығын тойлауды нәсіп етсін. Шалқартай, қолың дерт көрмесін. Жасай бер!", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Айта кетейік, Qazaqstan телеарнасының мәліметі бойынша, Шалқар Ақанов 1993 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылында дүниеге келген. 2005 жылы 6-сыныптан соң оқуын Алматы қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының жанындағы мектеп-интернатта жалғастырған. Бүгінде оның Instagram желісіндегі парақшасында 20 мыңға жуық оқырманы бар. Көбіне портрет салумен айналысады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shalkar Akhanov ® (@shalkarakhanov)

Еске салайық, жақында алматылық суретші Әсел Сабыржанқызы "Алаш" партиясының негізін қалаушылар Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және Міржақып Дулатовтың портретін үш қарындашпен бір мезгілде салып шыққан болатын. 

Ол төрт жасынан бастап сурет салумен айналысып, кәсіби суретші болу үшін ұзақ жолдан өткен. Бойжеткен Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы өнер мектебінде, колледжде, кейін университетте білім алып, биыл Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының магистратурасын тәмамдаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 529.74  course up  546.26  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer