Алматылық қыз Алаш көсемдерінің портретін бір уақытта салып шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматылық суретші "Алаш" партиясының негізін қалаушылар Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және Міржақып Дулатовтың портретін үш қарындашпен бір мезгілде салып шықты, - деп хабарлайды TengriMIX.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматылық суретші "Алаш" партиясының негізін қалаушылар Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және Міржақып Дулатовтың портретін үш қарындашпен бір мезгілде салып шықты, - деп хабарлайды TengriMIX.

27 жастағы Әсел Сабыржанқызы төрт жасынан бастап сурет салумен айналысып, кәсіби суретші болу үшін ұзақ жолдан өткен. Бойжеткен Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы өнер мектебінде, колледжде, кейін университетте білім алып, биыл Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының магистратурасын тәмамдаған.

"Жалпы, 15 жылдай сурет салудың барлық қырын оқыдым. Қазір педагогикалық бағыттағы магистратура болғандықтан, тіпті жоғары оқу орындарында кескіндемеден сабақ бере аламын. Бір-екі жылдан кейін солай жасайтын шығармын", - дейді суретші. 

Суретші қыз кенепке майлы бояумен негізінен гиперреалист портреттерді салады, бір жұмыс 1-2 айлық тынымсыз еңбекті талап етеді. Бірақ Әсел сурет пен эскиз идеясын немесе тұжырымдамасын бірнеше жыл бойы ой елегінен өткізіп, жоспарлауы да мүмкін.

"Алаш" партиясының негізін қалаушылардың портретін салу идеясы баяғыда-ақ келгенімен, суретші оны жүзеге асыру жолын білмеген.

"Мен оларды бөлек-бөлек емес, бір уақытта сурет салғым келді", - дейді Сабыржанқызы.

Сурет салу барысында бойжеткен әрбір қимылын бақылап қана қоймай, сонымен қатар үш қарындаштың дұрыс орналасуын және кескіннің түсу бұрышы мен қозғалысын қадағалап отырады. Әсел  қарындаштарды таспамен сызғышқа бекітіп, құрал жасап алған.

@raid.wifi тик ток не бань#fur #fup #on #rek #рекомендации ♬ оригинальный звук - whslili

Саяси қайраткерлердің портретін бір мезетте үш қарындашпен салу процесі Әселдің TikTok-парақшасында миллион қаралым және Instagram желісінде 48 мың қаралым жинаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer