Желіде 90 жастағы алматылық кейуананың Аяз атаға жазған хаты жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл хатты оқыған қолданушылар көңілдері босап, оған көмек қолын созуға ниет білдіріп отыр.
Желіде 90 жастағы алматылық кейуананың Аяз атаға жазған хаты жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл хатты оқыған қолданушылар көңілдері босап, оған көмек қолын созуға ниет білдіріп отыр.
Аяз атаға жазған хатында әжей Жаңа жылға азық түлік сұрайды.
"Құрметті Аяз ата, саған тұңғыш рет жазып отырмын. Мен 90-дамын, соғыс кезінде зауытта жұмыс істедім, 45 жылы әкемді халық жауы деп атып тастады. Анам екеумізді орман шабуға Сібірге айдады. Көп сұрамаймын, түрлі азық-түлік әкелесің деп үміттенемін, әйтпесе бар қаражатым дәрі-дәрмекке кетіп жатыр. Ет, аз мөлшерде ұн, макарон, қант, адамдар жейтін. Қалып жатса, менің үйіме беріп жіберші", - делінген Тамара әжейдің хатында.
© Facebook/Anna Tokisheva
Еріктілердің айтуынша, 90 жастағы әжей барақта тұрады екен. "Әжей жалғыз тұрады, барақта тұрады, 12 шаршы метр. Ол еңбек майданына қатысқан", - дейді еріктілер.
"Таяуда оған барып, не керектігін сұрағанбыз. Бастапқыда қарсылық білдірді, кейін "ет жегім келеді" деді. Себебі зейнетақысы айдың басында екен де, соңына дейін ақшасыз қалады екен - оны көрші Оля әжей асырап отыр екен. Зейнетақысы жетпейді. Мүмкіндігім болып жатса, азық-түлік әкеп беремін, бірақ үздіксіз көмектесіп тұра алмаймын. Қор да мүмкіндігінше көмектесіп жатыр, емін жасап берді, азық-түлік береді. Бірақ олар да үздіксіз көмектесе бере алмайды, мұндай қарттар көп", - дейді еріктілердің бірі.